Алаштың ардақтысы
Бейімбет биік едің беделісің,
Халқына арнап өткен бедел күшін.
Алаштың маңдай алды арысы едің,
Құрметтей алмадық-ау кәделісін.

Алашқа аты мәлім мәшhүр едің,
Жаныңа жуытпаған қас тілегін.
Жазықсыз жазалаған Бейімбетті,
О, дүние сен неткен қасқыр едің.

Тек ақиқат айтатұғын кесімі,
Шер тарқатып шермен болған шешімі.
Артында жоқтайтұғын халқы барда,
Бейімбеттің биік тұрар есімі.

                                                             Ахметбеков  Байбатыр.