Пікір

Есенгелді СҮЙІНОВ


Қазақтың асыл перзенті, көркем сөз шебері Бейімбет Майлин есіміне өзіміз бала жасымыздан қанықпыз.Оның әртүрлі жанрдағы шығармаларын қызыға оқып, арман- қиялға бой ұратынбыз. Басқаға қайдам, бізге бәрінен бұрын «Шұғаның белгісі» әңгімесі ұнайтын. Ондағы Шұға мен Әбдірахманның мөлдір махаббаты, нәзік сезімі, аянышты тағдыры қатты толқытып еді. Осындай татымды туындыларымен адамдарды ізгілікке, мейірімділік пен жақсылыққа үндеген,туған халқын жанындай сүйіп, соның мұғын мұңдап, жоғын жоқтап өткен Би-ағаның қзгелерден орны бөлек.
 Бейімбет дегенде, оның суретін көргенде көз алдымызда баладай аңқылдақ, даладай кең пейілді, жайсаң жанның бейнесі тұрады. Кезінде сөзін тыңдап, көзін көрген кісілердің пікірі де осыны аңғартады. Сондайда «Япыр-ай, ешкімге зияны жоқ, керісінше «елім» деп еңіреп, «халқым» деп қабырғасы қайысқан адал адамды ақылға сыйыспай тың жаламен ұстап алып, зәбір көрсетуі қалай?Қазақтың бетке ұстар нарқасқасын көзі қиып, кімдер атты екен?» деген ой келді. Баспасөз бетінде жарияланған атақты жазушының соңғы суретін көргенде жаның ашиды, бар пәлені үйіп-төгіп, періштедей таза, пәк азаматты кінәлі етіп, ұстап берген қара ниетті қаскөйлерге қаның қайнайды.
Бұл өмірде бір-ақ рет болатын, қайта айналып келмейтін сәт. Уақыт дегенің көзді ашып –жұмғанша тез өтеді емес пе? Сол кезді енді еске алып, сағынамыз. Сарғайған газет парақтарынан іздейміз. Қамшының сабындай келте өмірде Би-ағаңдай асылдарды қадірлеп, қастерлеп өтсек, бәрімізге абырой ғой. Сол қастерлеудің белгісі ретінде мына өлең жолдары туып еді:

Жанына жақсылықты серік еткен
Тұратын өне бойы тектіліктен.
Тағдырдың тауқыметін шексе дағы,
Шыдаған, қайран ақын берік неткен.

Өр тұлға, қараймын да таң қаламын,
Перзенті ерке Тобыл паң даланың,
Қияға көзді тігіп қыран сынды,
Соқпақ дол болды сенің таңдағаның.

Сен десем көңіл толқып тербеледі,
Шабытым саған келіп еркеледі.
Сен десем көз алдыма көрікті ауыл,
Кілемдей жазиралы жер келеді.

Өзің деп жыр парағы шұрқырайды,
Талантты бағалайды ел ұрайды.
Қапаста запа шегіп, көз жұмсам да,
Есімің жұлдыз болып жарқырайды.

Шуаққа бөлеп жүрер маңайын,
Мейірімді азаматым, ақ маңдайлым,
«Елім» деп әрқашан даелжіреген,
Би-аға, бір өзіңнен айналайын.


Ғабит МҮСІРЕПОВ


Біздің прозамыздағы реализм шыңына шыққан шеберлік өзгелердің бәрінен де бұрын Майлин есімімен берік байланысты.Ол – әрі теңдесі жоқ әңгімелші ретінде де, әрі прозадағы сүйекті шығармаларды жасаушы ретінде де біздің тұңғыш зергер прозашымыз. Біздің қай-қайсымыз болсақ та Бейімбет Майлиннің осыдан тұп –тура алпыс жыл бұрын жазылған «Шұғаның белгісі» повесінің құрсағынан шығып, етегіне орнанып өскендейміз.
         Бірақ Майлин бірбеткей прозашылығымен ғана реалист жазушы емес. Ол драматургия жанрында да реалистік дәстүрлерді қалыптастыруда нақ осындай дәрежеде тыңнан түрен салған қаламгер. Творчестволық жолын бір уақыт дағдылы жолмен, яғни ақындықпен бастаған ол бертін келе өзінің ең үздік шығармаларын дәл осы көркем проза мен драматургия да тудырды.
         Майлиннің ілуде бір адамда ғана боларлық еңбекқорлығы мен іске қабілеттілігі тұстастарын таң-тамаша қалдыратын. Талантпен тізе қосқан еңбек аумағы мол, мағызы баға жетпес қымбат көркем мұраны бізге сый етті . Осынау ерен өзгеше талант иесінің творчесволық өмірі мен творчесволық мұрасын аз сөзбен сығымдап айтсақ, жиырма жылғы қажырлы , барынша қарымды да нәтижелі жұмыс, мәңгі жасар он бес томдық шығармалар деп түйіндер едік.


Сабит МҰҚАНОВ


Бейімбет- кісіге ұрыса бермейтін өте момын мінезді адам да. Әдебиеттік айтыс – тартыстарға ол ешуақытта араласпайтын. Әрі ісі, мінезі  жаққан Бейімбетті Сәкен өте жақсы көріп, жылы леппен үнемі «Мырқынбай» деп атайтын.

Елубай ӨМІРЗАҚОВ


    «Бейімбет екеуміз Ақтөбе деп аталатын ауылданбыз. «Өз шешесі байдың малын сауып, ағалары малайлықта жүргенде, Бейімбетті үлкен әжесі арқалап жүріп оқытыпты» деп, менің жас кезімде шалдар әңгімелеп отыратын еді.
1911 жылы биекеңмен ере барып менде өлең айттым.
Содан бастап Бейімбет мені соғынан қалдырмай жүрді. Өлең жазып маған жаттатты. Мен домбыраға қосып айтатынмын.

 Бозбала, тіршілікте өткіз сауық,
Алдында ажал деген бар-ды қауіп.
 Сөнді деп шам-шырағым өкінерсің,
Бір күні өліп кетсең қаза тауып.

Бұл Бейімбеттің маған бірінші жазып берген «Бозбала» деген өлеңірнің басы»

Сералы ҚОЖАМҚҰЛОВ


«Бейімбеттің тағы бір ерекшелігі өз туындысынан гөрі жұрттың туындысына дүниесіне көп қуанатын, мақтана айтып жүретін. Ол өсіп келе жатқан қазақ интеллигенциясының алғашқы тобын тәрбиелеуде қыруар еңбек сіңірді. Театрға келген жаңа актерді, әдебиет дүниесіне келген жаңа жазушыны естіген сайын «Тобымыз көбейді» деп, бір желпініп қалатын. Қайта-қайта айтып, мақтаныш тұтып жүруші еді.
Кісіге сенгіш, нанғыш болушы еді.
Өз дүниесін талқылағанда «мына бір сөзініз артықтау екен, сахнаға келмей тұр» десе қолма-қол жөндеп тастайтын. Әзіл-қалжынды көтере беретін. Бұл оның көпшілік көңілінің қашанда жаз болып жүретіні аңғартады.
Бейімбет бейнесі менің жүрегімде. Ол менің аяулы ұстазым болды. Қазір де кейбір Рөлдерде ойнауда қиындықтар кездессе, кейбір характерлер көңілімді қозғаса, оның аяулы бейнесі көз алдыма келіп, сырласқандай болады. Бұл маған үлкен медеу. Оның ақжарқын бейнесі, кісіге жылышұрап тұратын қарапайымдығы, кең пейілі, ізгі жүрегі мені талай сыннан мүдіртпей өткізген сияқты. Бейімбет жайлы айту -менің  парызым»

 Сәйфи ҚҰДАШ


башқұрт жазушысы

«1961жылы мен Қостанайға барып,жастық шағымның ізімен ел араладым. Қостанайға барғанда ең алдымен еске алып, аңсап сағынған достарымның бірі Бейімбет Майлин болды. Қостанайда мен 1918 жылы Бейімбет басқарып өткізген қазақ жастары әдеби кешінің программасын тауып алдым. Бейімбеттің қолымен жазылған бұл программа Қостанайға барғанда тапқан ең қымбат ескерткішім болды.Бұл программаны көргенде мөлдір қара көзінен ұшқын атып, күлімсіреп тұрған Бейімбет бейнесі тұра қалды алдымда.
         Мен Бейімбеттің 1937 жылыжеке адамға табынудан пайда болған өрескел заңсыздықтың құрбаны болғанын кейін білдім. Сондықтанда оның кітаптарын аман – есен сақтап қалдым. Сол жолдарда жазықсыз ұсталып кеткен көптеген жазушылардың мендегі хаттары,суреттері және хаттары жойылып кетті.
         Бейімбеттің өлді дегеніне көңілім сенбейді. Өлімін өз көзімен көриеген соң, мен оны көз көрмес, құлақ естімес алып жерде аман- есен жүрген шығар деген ойдан арыла алмай-ақ қойдым.
         Есіме түсіп сағынған сәттерімде мен оның қағазын көне тартқан кітаптарын қолыма аламын, қазақ халқының талантты жазушысымен, өзімнің төс таясып табысқан аяулы досымен оңаша сырласамын. Көп заманнан бері қарай қазақ халқымен мидай араласып, дәм-тұзын татқан етене жанмын ғой мен. Сондықтан да  барлық қазақ жазушыларының бір анадан туған бауырымдай көремін. Олардың арасында Бейімбет егіздің сыңарындай жақын еді маған.»


Кулжамал МАЙЛИНА. 

 

«Бейімбет көп сөйлемейтін, көп күлмейтін жан еді. Ал бір күлсе көз жасы аққанша күлетін. Кей-кейде мен шапшаңдық жасап, қанша сөйлеп жатқанымнан былқ етпейтін. Сөйлеп, сөйлеп түк өндіре алмаған соң, неге сөйлемейсің, неге менімен ұрыспайсың депте тиісетінмін. Сонда ол маған: «Саған не деп болады, өзің бастадың, өзің қойдың, енді маған неге ұрыспайсың  менімен дейсің, осындайда ұрыс болама екен, Күнжамал-ау»,-деп күліп, қарағаныңда,қанша ашуым болса да тарқап кететін. Сондай еді ғой Бейімбет.
         Өзі аз сөйлейтін Бейімбеттің жұрттың не сөйлеп, не қойғаныменде жұмысы болмайтын еді. Оның бұл әдеті жазу жазып отырған кезінде көп байқалатын. Балалар шулап кеткен кезінде мен әкелерің жұмыс істесін деп ұрсып, қуалап жүрсем (үйде 8 балабар еді, бесеуі – өзімдікі, үшеун асырап алғанбыз): «қоя берші, жүре берсін, ештеңе етпейді» деп тигіздірмейтін.
  

Комментариев нет:

Отправить комментарий