Мәдени іс-шаралар

«Тобыл теңдес тарланбоз»

(Жазушы Б.Майлиннің өмірі мен шығармашылығына арналған мәдени іс-шара бағдарламасы.)

Көрнекіліктер :Кітап көрмесі.«Революция жыршысы.».Дәйек сөздер.

   Кітапханашы. -Сәлематсыздар ма ,құрметті оқырмандар. Биылғы жылы жазушы Б.Майлиннің туғанына 120 жыл толуына орай облыс кітапханалар арасында «Би-аға қазақ әдебиетінің қайталанбас құдіреті»  тақырыбында1 қырқүйек пен 1-қазан аралығында  іс-шара өткізілу жоспарланған. Міне осы іс-шараға байланысты Амантоғай модельді кітапханасына берілген жұмыс Бейімбет Майлиннің драматургия саласындағы еңбегін ашып көрсету.
Іс-шараның өту барысы :
 1. Б.Майлиннің өмірі мен шығармашылығы.
 2. Жазушының «Шұғаның белгісі» шығармасынан үзінді.
  Кітапханашы: 37-жылғы зұлматтың жазықсыз құрбаны болғандардың бірі,
үлкен дарын, көп қырлы талант иесі,небары 43 жыл ғана өмір кешкен қазақтың зиялы перзенті ,әдебиетте де,журналистика саласында да баға жетпес мол мұра қалдырған,табиғи дарындылығы-мен қатар еңбекқор,парасатты,ақжүрек азамат-
тығымен оқшау тұратын,қазақ әдебиетінің шоқтығы биік тұлғасы,заматымыз-
дың қайталанбас жазушысы - Бейімбет  Майлиннің туғанына 120 жыл
ХХ ғасырда қазақ көркем прозасын,оның ішінде лирикалық прозаны қалыптас-тырып,дамытуға зор үлес қосқан аса көрнекті қаламгер,суреткер жазушы,ақын,
драматург, қазақ әдебиетінің классигі Биімбет(Бимұхамбет)Майлин бұрынғы Торғай облысына қарасты Қостанай уезінің Дамбар болысындағы Ақтөбе деген жерде дүниеге келген.Жастайынан жетім қалған ол кәрі әжесінің тәрбиесінде болған.Ол алғаш ауыл молдасынан сауат ашып,1911-14 жылдары Арғынбай қажы медресесінде,Троицк қаласындағы Уәзифа медресесінде,Қостанайдағы орысша-қазақша мектепте,Уфадағы Ғалия медресесінде білім алған. Бейімбет Майлин-прозалық туындылары арқылы өзі өмір сүрген заман шындығы мен қоғам өмірін шебер сомдай алған ұлы суреткер. Жасынан елгезек,зерек,пысық 12 жасында ауыл арасындағы айтысқа қатысқан Бейімбеттің 17 жасында жазған «Мұсылмандық белгісі» атты өлеңі баспасөз бетіне жарияланды.1912 жылдан бастап өлең,шағын әңгімелер жаза бастады.
 -Ойбай-ау қайдасыңдар?Аттаныңдар!
  Бері кел шашау шықпа,топтаныңдар.!
  Қапыда мылтығы боп жайратпасын
  Болыстан, әсіресе сақтаныңдар!-деп әдебиеттегі жолын ақындықпен бастаған жазушының 1923- 37 жылдар аралығында 55 кітабы жарық көрген екен.43 жыл ғана өмір сүрген дарынды жазушы көптеген өлеңдер мен 14-15 поэма,жүздеген әңгіме,очерк,фелетондармен қатар ондаған повестер,20-дан астам пьеса,либе-
ретто мен сценарийлер, «Азамат Азаматич»,«Қоңсылар»,«Қызыл жалау»,
«Тартыс» романдарын жазып үлгерді.Спандияр Көбеевтің  «Қалыңмал»; Сұл-танмахмұттың «Қамар сұлуымен »;үзеңгілес шыққан алғашқы жазылған «Шұғаның белгісі» хикаятымен-ақ ол қазақ көркем прозасының ғажайып эстетикалық мүмкіндігін жарқыратып көрсетті. Бейімбет Майлиннің проза,поэзия, драматургия жанрларындағы туындылары-ұлттық әдебиетіміздің қымбат қазынасы,асыл мұрасы.Ол қазақ кедейлерін Мырқымбай деп атап,жазушы Мырқымбайды жазу арқылы кедейлердің бостандығын, өсу жолын, бірігіп колхоз жасап,социалистік өсуге кірген өмірін көрсетті.Биылғы жылда мерейтойлық әдебиеттер ішінде Б.Майлиннің  «Раушан Коммунист» повестінің шыққанына 85 жылтолуы аталып өтуде.Бейімбет Майлиннің мұрасы мен көркем сөз шеберлігі жөнінде  жылдар бойы жан-жақты ,терең зерттеліп жатыр.Б.Майлин туралы сын мақалалар да,зерттеулер де ,мемуарлық еңбектерде жарық көрді. Жазушының бірнеше томдықтары және таңдамалы шығармалары шығарылды.көптеген кітаптары қазақша, орысша және басқа тілдер де жарияланды.1932 жылы Бейімбеттің творчестволық еңбегіне 20 жыл толуы қазақ әдебиетінің тарихында тұңғыш рет аталып өтті.
Кітапханада жазушы туралы ұлы адамдардың айтқан дәйек сөздері мен сын мақала-лар және жазушының өз еңбектері әр жылдардағы 5 томдық, жинақтары «Қазығұрт»баспасынан 2012 жылдан бастап жарыққа шыққан көп томдық шығармаларынан 11-14 тт. «Шұғаның белгісі» аудио кітап ,Аңыз адам-№11.2014 ж. және орыс тіліндегі «Рыжая полосатая шуба» повестер жинағы барлығы 21 дана әдебиет жинақталған Б.Майлиннің туғанына 120 жылдығына арналған  «Революция жыршысы » атты тақырыптық көрме жасалды. 

Гүлденсе ауыл,гүлденеміз бәріміз,
Ауыл дене,біз қозғатар денеміз.
Кел еңбекші,қол ұстасыпбір туға,
Жиналайық,қалмай жасы –кәріміз,- деп өмір бойы ауылды жырлап өткен ақын, совет әдебиетінің драматургиясына да осы ауылды жырлау ұранымен қосылды.Б.Майлин-қазақ совет драматургиясының ірге тасын қалаушылардың ең көрнекті өкілдерінің бірі.Аз жылдар ішінде 20-ға жуық пьеса жазды. «Біздің жігіттер», «Шұғаның белгісі»,«Талқанбайдың тәртібі»атты т.б. пьесалары сол кездегі қазақ  ауылының өмірін суреттейді.Бейімбет пьесаларының ішіндегі шоқтығы биік,келісімге келмейтін екі таптың күресін көрсеткен  «Майдан»пьесасы.Бұл С.Сейфуллиннің «Қызыл сұңқарлар» мен М.Әуезовтың  «Түнгі сарын» драматургиясының жалғасы десе болғандай.Кезінде Ғ.Мүсірепов « «Майдан» қазіргі пьесалардың маңдай алды,өйткені тап тартысының үлкен бір кезеңін алып шындықпен суреттеген »,-десе М.Әуезов Майдан туралы: «Бұл ірі белгі:Социалистік реализм шарттары көбінше орындалады тақырып,драмалық түйін,сюжет жақтары Бейімбетті сол реализм үлгісіндегі драматург қылып шығарды»,-деген еді. 20 жылдардағы (Горький, Шолохов, Фадеев) орыс әдебиетіндегі классикаға  қазақ жазушыларының шығармаларынан алғаш Бейімбеттің «Майданы» да барып қосылды. Б.Майлиннің аса зер салып көп жазған тақырыбы әйел тығдыры.Бұл тұрғыда,Ғ.Мүсіреповтың «Шұғаның белгісі»повесінің құрсағынан шығып,етегіне оранып өстік» деген, 20 жасында жазып, ең алғаш1914 жылы «Садақ» журналының үш номерінде жарық көрген,оқыған адам тебіренбей қалмайтын «Шұға» атты музыкалық драмасы. Шұға Есімбек атты байдың сұлу қызы сүйген жігіті кедейдің баласы мұғалім Әбішпен қосыла алмайды бірақ Шұға өзінің бас бостандығы үшін күресті.Озбыр әкесіне де қарсы тұрды. Енді жазушының «Шұғаның белгісі» пьессасынан үзінді тамашалаңыздар.

 (Сахнада шаң-шұң дауыс, қыз-бозбала,келіншектер)
Қарасай –Танымадық па?
Әбіш :Мүмкін.
Қарасай: Қай жақтансың?
Әбіш: Тобыл бойынан боламыз.
.Қабен :Не тұрыс. Соқыр теке ойнайық.Шұға орамалыңды.(Шұғаның орамалымен Әбіштің көзін байлайды.Жұрт сахнаның жан-жағына тарап кетеді.)
Әбіш (Сахнада жалғыз)- Қап-қараңғы ,Айналғандай бас.Қайғы басып мәңгі,Аққандай көзден жас.Рас...Рас...Қәзіргі ел өмірі, Тап осыған меңзес,Іс істелер әлі,Ерте ме кеш ,Қарману керек!! (Әбіш көп ортасынан Шұғаны ұстап алады.)
Шұға : Енді менің көзімді байлаңыз.
Әбіш: Қолым бармайды.
 Шұға :Байлаңыз былай (Әбіштің қолын көтеріп,көзіне апарып)
 Әбіш:Шұға.! Шұға:Қойыңызшы, қарамаңыз олай..Сарғайған ғаріп едім қуып сағым,Бұлдырға айналғандай баста бағым.Жүзіңді жаңа ғана көргенімде,Жан қалқа жау тілегін не қылғаның?
 Әбіш : Өртенді жүрек өрт боп,өзің сөндір!
Болашақ әзіріне болжал,бұлдыр.
Шын сүйсең,сертің болсын мәңгі берік,
Кел сәулем,жайдым құшақ,келші, кел ,кір!(Екеуі құшақтасып тұрғанда Еркежан дап сырттан Мақпал жеңгесі кіріп келеді.)
Мақпал : Бетім-ау!... Сахна жабылды.
 (Шұғаның әкесі Есімбек бай қызын Қарасайға берем деп айттырып қойған.
Кедей жігіт Әбішке Шұғаны бермеймін деп Төреге қабар жіберіп Әбіштің көзін жоюды жоспарлайды.)
Есімбек:(Қатуланып)Әлім,менен туғаның рас болса жолатпа ешкімді ел маңына.
Шақыр қонақтарды кірсін үйге.
Би: Жолаушының ақысы жүрсе бітер дегендей,біз жүрелік.
Есімбек : Ат сатсаң аулыңмен деген.Қарасайдың тұқымы атақты Шеген ,Ол шаңыраққа бір қызымды қимаймын ба ? Беремін қызымды.  (Дұрыс-ақ десіп топ шығып кетеді.Сахнада Шұға тұр Әбіш келеді.)
Әбіш: Шұға!!!
Шұға : Мен ұстадым етегіңнен.
Әбіш :Шұғажан ,мен ырзамын,ойлағанымдай шықтың.(Есімбектің қолшоқпары Айнабай екі стражникпен келіп ұстап алады.)
Әбіш: Кәрім,!..Қанды қолдың тырнағына қапыда іліктім.Мені енді босату оңай болмас,қалың кедейдің ұйымдасқан күші керек.Жиналыңдар,бірігіңдер!!! (Әбішті итеріп әкетіп барады,Әбіш «Шұға»дегенде Шұға «Әбіш »депұмтылады.
Ессіз құлап түседі.) Әкесі Шұғаны бақсы алдырып емдетеді.
Бақсы : Жарқыным ,айтшы! Ауруыңа не себеп болды.
Шұға : Әулие емессің бе? Біл өзің.
Бақсы: Жарқыным ...түсін...,Тілегіңді орындаймын....
Шұға: Айтсам ба екен ?..Бәлкім...Менің дертім ғашықтық...Ғашығымды көрсем Бақсы: Жазыласың ба?...
Шұға:Жазылам.!
Бақсы :Көрсеттірем!... жазыласың ..,қарағым.
Шұға: Алдау...Арбау...қараңғылық...Мен осының құрбаны...Қайдан келсін...
Қанды қолға іліккен...Жаным,...Әбішім... Базарбай...Қайдасың...Айтшы әніңді...
Тарқатшы шерімді...( Пьесаның соңында Әбішті бір көруді аңсап,Шұға өледі.)
                     

Рольде ойнағандар :
 1. Әбіш – Несібелі Мыңжасар.
.2.Шұға- Айдана Балғабай..
3.Есімбектің ұлы Әлім-Жәнібек Қуанышбек
 4.Есімбек –Шұғаның әкесі- Әбдірахман Жаңбырбай
 5.Шұғаның шешесі- Әсел Балғабай.
 6.Жеңгесі Мақпал –Іңкәр Жаңбырбай.
  Кітапханашы:Қазақ совет әдебиетінің классигі Б.Майлин- халық тудырған тарлан талант.Төл әдебиетіміздің туын биікке көтерумен бірге,қазақ баспасөзінің қалыптасуына,ілгерілеуіне үлкен үлес қосты. Оның көркем шығармалары халық арасына кең тараған.Әдебиетіміздің барлық жанрында шұрайлы шығармалыры оның дарыны мен жаңашылдық ізденімпаздығының тамаша жемісі.Жазушының әдеби мұрасы-халқымыздың аса бағалы мәдени игілігі,әлі талай ұрпақтың қызыға оқитын қазынасы болып қала береді.
  С.Мұқанов: Белинский Пушкинді орыстың көп өзендері құйылып жасаған Ұлы Еділге теңесе,мен Бейімбетті Қостанай өңіріндегі көп өзеннің басын қосқан Тобылға теңер едім .деген еді. Ұлы жазушының осы бір теңеу сөзінен туған  «Тобыл теңдес тарланбоз » тақырыбындағы іс-шараны осымен аяқтаймын.

Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көптен-көп рахмет.Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар. Сіздермен болған мен Амантоғай модельді кітапханасының кітапханашысы Құлымбетова Қырмызы Сейілқызы.

                                    Пайдаланған әдебиеттер :
  1.Бейісқұлов Т.Дарын даралығы,-Алматы,-«Қазақстан».-1994ж.
  2. Майлин Б. Көп томдық шығармалар жинағы.-Алматы / «Қазығұрт»баспасы, Т.11-        
      2012.480 бет.
  3.Бейімбет туралы ұлы адамдардың айтқан ой-пікірлері,-Аңыз адам,-№11,2014 жыл.
  4.Майлин Б. Шұғаның белгісі.Бес томдық шығармалар жинағы.т.2.-   
     Алматы:Жазушы-1987,-261-309 беттер.




                

Бейімбет Майлиннің туғанына 120 жыл толуына



            орай оқырмандар конференциясы




 Конференцияның мақсаты: жерлесіміз ақын, жазушы, драматург, публицист, әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. Бейімбет Майлиннің 120 жылдық мерейтойына орай өмірбаяны мен шығармашылығын таныстыру, «Шұғаның белгісі» повесіне талдау жасай отырып, оқушылар бойында отансүйгіштік қасиетін ояту.  Шұға  деген  қыздың ғашықтық тағдырын суреттеу.











Көрнекілігі:  « Бейімбетті қайталап оқығанда» кітап көрмесі, қанатты сөздер, слайд.







  Конференцияға дайындық кезеңі:



1.Конференцияның тақырыбы, өту мерзімі, талқыланған  сұрақтар туралы хабарландыру ілінеді.



2.Бейімбет Майлиннің «Шұғаның белгісі»  атты кітабын оқырманға ұсыну.



3.Қатысатын оқырмандар шығарманы оқып, танысып сұрақтарға дайындалады.



4. Кітапхананың оқу залы тақырыпқа сай безендіріледі.







Кітапханашы: Армысыздар, құрметті  жиналған қауым!



Б. Майлиннің туғанына 120жыл толуына орай «Бейімбет Майлин- қазақ әңігмесінің қас шебері» атты оқырмандар конференциясына қош келдіңіздер.



І.Бейімбет Майлиннің  өмірбаяны  мен шығармашылығы



Кітапханашы:  Бейімбет (Бимұхамед) Жармағамбетұлы Майлин(15.11.1894 -1938  жылы бұрынғы Торғай облысы Қостанай уезі Дамбар болысындағы Ақтөбе деген жерде –қазіргі Қостанай облысы.Таран ауданы Майлин кеңшарында туған.)Әкесі Жармағамбет кісі есігінде жалшылық еткен. Басқа ағайын- туғандары да кедейшілік күн кешкен. Атасы Майлының да дәулеті шалқымаған адам екен.Бейімбет бір жасқа толмай әкесі қайтыс болып, жетімдік зардабын аз тартпаған. Бай қолында қозы, қой бағады делбеші болып та істейді. Ол он екі жасқа шыққанда, 1906 жылы шешесі Құлғизар дүние салады да әжесі Бойдастың қолында қалады. Ендігі тірегі әжесі Бойдас та күңдік өмірден көзін ашпай келеді. Бейнет пен жоқшылықтың ащы дәмін ерте татқан жас бала кәрі әжесінің жылы құшағында бұйыға тербеліп отырып, оның:



Өмірімде көргенім күңдік, құлдық,



Бұл жалғанда бар ма екен біздей мұндық?- деген гөй-гөйінің  зар сырын жанымен ұғады.



Әжесі көне жырларды көп білетін, өзі де аздап өлең шығаратын ақынжанды адам екен.Соның әсері болса керек, Бейімбет қаршадайынан өнерге құмартып, өлеңге әуестенеді.



1910 жылы Амантай деген кісінің салған мешітінің тойына қатысып, ән айтқан. Бозбала шағында –ақ құлшынып, айтысқа түсіп кетіп жүрген кездері де жоқ емес.1911-12 жылдары Арғымбай қажының медресесінде, Қостанайдағы орыс- қазақ мектебінде, Уфадағы Ғалия медресесінде(1914-15),Троицк қаласындағы Уәзифа медресесінде оқыған.1923-25 жылдары Қостанай губерниясы «Ауыл» газетінде,1928 жылдары «Еңбекші қазақ»газетінде әдеби қызметкер, редактор жұмысын атқарған.1928-32 жылдары Республикалық «Ауыл тілі» газетінің бас редакторы т.б қызметтер атқарды. Оның алғашқы –«Қостанай уезі», Дамбар болысы очеркі, «Мұқтаждық», «Көңіліме» атты өлеңі (1914), «Мал» (1914) «Шұғаның белгісі» повесі (1914).  «Болған іс»әңгмесі  «Айқап» журналында, «Қазақ» газетінде жарияланды. Майлин шығармаларында поэзиялық туындылар да елеулі орын алады. Ол әлеңдерінде «Кедейге»(1922), «Гүлденсе ауыл- гүлденеміз бәріміз»(1923) «Біздің жастар» (1933) уақыт шындығын поэтикалық тереңдікпен бейнеледі. Майлин қарапайым ауыл қазағының типтік бейнесін жасады.Майлин – 15 –ке жуық повесть жазған қаламгер.







ІІ. Б.Майлиннің «Шұғаның белгісі» повесімен танысу.



     Майлин Бейімбет Повестер және әңгімелер.Алматы, «Жазушы», 1977. -544 бет.



Кітапханашы: Алғашқы «Шұғаның белгісі» (1914) повесі қазақ прозасының классикалық шығармаларының бірі болып табылады.



Б. Майлин  творчествосының ең шұрайлы да шалғынды жағы оның прозасы деуіміз керек. Жиырма бір ғана жасында «Шұғаның белгісі» тәрізді классикалық дүниені тудырған жазушы өзінің ғаламат зор ұлы талантын осы жанрда барынша жарқыратып көрсете білді. Егер, нағыз талантта жастық болмайды, ол бірден өзінің ұлылығын таныта келеді десек, «Шұғаның белгісі» Бейімбет Майлиннің ұлылығын бірден танытқан шығарма дер едік. Француздың ұлы жазушысы Ги де Мопассан «Пышка» деген алғашқы әңгімесінен- ақ өз  замандастарын елең өткізген үлкен әдеби құбылыс болса,



 Б. Майлиннің «Шұғаның белгісі» де содан бір кем түспес әдеби құбылыс дер едім. Бұл шығарманың жазылғанына жетпіс бес жыл өтсе де және оны жазған жиырма бір ғана жастағы балаң жігіт болса да, бүгінде оқып отырып сол бір уыздай жазушының шеберлігіне, талант- қуатының құдыреттілігіне тәнті боласың.



Оқиғасы жұп- жұмыр құрылған, не бір олпы- солпы сөйлемі, не бір басы артық сөзі жоқ кесек дүние бір деммен жазыла салған сияқты. Оқып шықсаң, қайта оқығың келеді. Күздің ызғарлы желді күнінде арқаңнан өткен ызғырықты елең қылмай « сиректеу сақал – мұрты бар, қара бұжыр, күлімсіреп дөңгеленіп тұрған қара көзді» отағасының, Шұға туралы аянышты әңгімесін қайта бір тыңдағың келеді. «Шұға десе-Шұға, өй шіркіннің өзі де, келбетті еді- ау... Аққұба, талдырмаш, көзі қап- қара... Осы үріп ауызға салғандай еді...» - деп әңгімеші тамсанып бастағанда көз алдыңызға сол бір заманда арманда кеткен жас арудың бүкіл түр- тұлғасы келмей ме. Ғашықтық жайындағы тағы бір ғажайып хикая ерксіз елітіп әкете бермей ме?! Тегінде қазақ даласы туралы хикаяларға бай, солардың бәрі де аянышты қайғылы аяқталады. «Қозы Көрпеш- Баян сұлу» «Қыз Жібек», «Еңлік-Кебек». Ал «Шұғаның белгісі» сол ғашықтық туралы ұлы дастандардың жалғасы сияқты. «Шұғаның белгісі» - өзінің бар болмысымен халық аузындағы хикая, әңгімелерге, әсіресе шебер әңгімешіге тәуелді шығарма.  







Оқушы: Әбдірахманың Шұғаға жазған хаты.



«...Сіз бір айсыз нұрландырған аспанды,



Буландырған, уландырған жас жанды.



Біз бір ғаріп паналаған саяңда,



Жас жүректе мықты жара басталды.



Кірді нұрың отты жақты ішіме,



Көтерем деп сене алмаймын күшіме.



Бірінші зар шықты тілден мұңданып,



Бұдан бұрын айтылмаған кісіге.



Жас  жүректің жалқынды деп тілегі,



Жарамайсын сізден қалап тіледі.



Әзіріне үміт Қаптың тауындай,



 Жазмыс түрін жауап қайтса біледі.



Минут, сағат, күндік, айлық жол емес,



Тілейтінім, жүдейтінім ол емес.



Көрсе қызар, антын бұзар қылжақбас,



Тұрлауы жоқ әсіре қызыл мен емес.



Жас өмірге жара шықты түр қандай?



Бір көргенде сиқырланып ақыл-ой,



Бал сөзіңде қалды ынтам бір қанбай,



Қырық бүктеліп келсе хатың тұмардай,



Жылы жүзбен көңілді жай қылардай.



«Болад» деген жалғыз ауыз сөз тапсам,



Көңіліме сақтар едім құрандай...»







 Оқушы : Шұғаның өлерде жазған хаты:



  «Әуре боп, неге біткен ажар-көрік.



   Ішіне от түсірдің қалқам көріп .



   Гүлдену жас өмірді мақсұт боп ед,



   Серттесіп ,қол алысып, уәде беріп .



   Жолыңа құрбан қып ем  жан мен  тәнді,



   Дариға, айтылған серт болмай қалды .



   Көре алмай ақтық минут дидарыңды,



   Арманда жан тапсырған мен бір зарлы !...



   Хаты деп ақтық жазған ғашық жардың,



   Есіне ал дұғанда мен ынтызармын,



   Қош ,сау бол ,ойнап-күліп жолығармыз ,



  Астында ақ туының пайғамбардың.!...» 







ІІІ. Талқыланатын сұрақтар.



1       «Шұғаның белгісі»  повесінің оқырманды  өзіне тартып әкетуінің сыры неде ?



2       Шұғаға жіғіт біткеннің бәрі ынтық



3      Шұғаны Әбдірахман шын сүйді.



4      Шұғада қазақ қыздарына тән асыл қасиеттер көп



5      Шұғадан біз үлгі аламыз



6      Шұғамен қазақ қыздары мақтана алады.    







ІV. Қорытынды.



Конференциямды аяқтай отырып



   Белгілі бір автордың қаламынан туған, жазба әдебиетінің    үздік үлгілерінің бірі бола тұра халықтық дастанға айналған туынды  дер едім. Ал жазушы үшін одан асқан ұлы мәртебе    болмаса керек.



Алғашқы әңгімесі осылайша романтикалық сарында басталғанмен Б.Майлиннің жазушылық мәнері нағыз реалистік арнада дамыған творчество.



ұлы сөз зергеріміз Ғ. Мұсіреповтің «Жазушы үшін кейіпкердің үлкен- кішісі болмайды. Мәселе оны қалай суреттеп шығуында. Бейімбеттің бұл жөнінен төрт құбыласы сай. Кейбір әдебиетшілер осы мәселенің байыбына бара алмай жүр. Бейімбетті тани алмау- ештемені тани алмау» деген сөзімен қорытындылағым келеді. 











               Үштоғай ауылдық кітапхана



                                             2014 жыл.

























                

     




                














Комментариев нет:

Отправить комментарий