Биағаң қайталанбас тұлға.
Төзе білген сан түріне азаптың,
Иесі еді өнердегі ғажаптың.
Алты алаштың ардақтысы Бейімбет
Арда туған перзенті еді қазақтың.

Тұлға еді ел намысын жаныған,
Тура жүрді тайған емес жолынан.
Қиындықты бастан кешіп жатса да ,
Кезі жоқ ед тағдырына налыған.

Жазушы еді, оқ бойы озық дарынды,
Ұшын ұштар айтушы еді орынды.
Ел боламын десең егер еңселі,
Көркейтейік  деп айтушы еді ауылды.

Заманының жүйрігі еді ақтабан,
Ерекше боп , көрінетін басқадан.
Қазағымның әдебиетін оқысам,
Алып тұлға Бейімбетпен мақтанам.


                                                                                     Изтелеуов Мамай 












Комментариев нет:

Отправить комментарий