Сенің зарың –
зарлайтыным өмірге,
Сенің арың –
арлайтыным өмірде,
Сен не көрсең – мен
де соны көрмекпін
Белді буғам ауырға
да, жеңілге.
Сен жыласаң, көзден
жасым тамшылар,
Сен қуансаң, қайғы-
шерім аршылар,
Айт өлеңді, кең
даланы жаңғыртып,
Қойшы- қолаң, кеше
жүрген малшылар.
Жылай – жылай қолың
жетті теңдікке,
Кім салады енді
сені кемдікке?
Бүгінгі күн – шын
қуанар мейрамың,
Салшы әнге бойын жазып
кеңдікте.
Комментариев нет:
Отправить комментарий