Бейімбет Майлин.
Шығармасы жүректі өртеп барады,
Әр сөзінен ұрпаққа үлгі қалады.
Орын  алған  тарихынан қазақтың,
Қостанайдың Бейімбеттей дара ұлы.

Әр еңбегін басқа жандар білерме,
Жастайынан қызмет еткен ұлы елге.
Редакторлық қызметін  де атқарып,
Қоса ұстап мойын бұрған өнерге.

Шығармасын барша халық таныған,
Ағамызды жырлап мәңгі салам ән.
«Шаншар молда»  «Майдан менен Шұғадай»,
Мағынасы шыққан жыр боп тараған.

Әдебиетті жастайымнан білемін,
Деп Биаға  жалындаған ұлы едің.
Жалғызсырап, кейде жалғыз қалғанда,
Дейтін еді «қазақ» менің тірегім.

Жабылғандай болғанменен жыр беті,
Ал халықтың ұмытылмас құрметі.
Заманында зерек болған Биағаң,
Әдебиеттің қайталанбас құдіреті.

                                                                               
                                                                                       Айтбаев Еркінғазы.

Комментариев нет:

Отправить комментарий