Бейімбет Майлин
Биағаңды үлгі етіп жыр қыламыз,
Бас иіп талантына пір қыламыз.
Тарихи жолы оның таңғажайып
Ұлағатты ұрпаққа сыр бір аңыз,
Халықтың қамын ойлар азамат де
Бұл өмірге алыпты тудырамыз.
Тудырып ап алыпты айып тағып
Көрінгеннің ойыншығы қылдырамыз.
Бейімбеттің тарихи ескерткіші
Өлеңдері өлшенбес бір мұрамыз.
Осылайша бір қыранды мың құзғынға талаттырып
Қанатынан айырып тындырамыз.

Әдебиеттің қасқайған қара нары,
Ақын ұлың осылайша бағалады.
Биағаң жүз жыл емес жүз ғасырда
Елінің қайта тумас дар бағы
Жамандықты жасамаған ешкімгеде
Жақсылығы талайларды жағалады.
Биағаңды кім өлтірді деген сұрақ
Көкірегімді күні-түні мазалады
Биағаңды өлтірген ажал емес
Тажал жаудың жағылған қара дағы.

Жыр мергені өлеңге айқыш болған,
Бойына әдебиеттен сай күш қонған
Бейімбетке тең келер екі адам бар
Өзгеге көру үшін жай түс болған
Біріншісі әліде туылмаған
Ал екіншісі қайтыс болған.

                                                                          Әуезхан Ернұр

Комментариев нет:

Отправить комментарий